Үкімет басшысы Алматы облысының даму барысымен танысты

Үкімет басшысы Алматы облысының даму барысымен танысты

Алматы облысына жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылым және өнеркәсіпті дамыту барысымен танысып, «Жылу орталығы» жылумен жабдықтау кәсіпорнының жұмысын тексерді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет басшысына жалпы ұзындығы 66 км-ге тең Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮАААЖ) салу жөніндегі жобаны іске асыру туралы баяндалды. Бүгінгі таңда негізгі жер жұмыстары жүргізіліп, барлық көпірлер мен жолайырықтар салынды. Сонымен қатар автожолды абаттандыру және жолақысын алудың интеллектуалды жүйесін іске қосу, көлік құралдарын динамикалық өлшеу жұмыстары жалғасуда.

Премьер-Министр автомагистраль өңірдің экономикалық дамуына айтарлықтай әсер етіп, инвестициялық және туристік әлеуетін арттыратынын атап өтті. ҮАААЖ Қытай мен Еуропа арасындағы транзиттік тасымал көлемін ұлғайтуға, Алматыдағы көлік қозғалысын жеңілдетуге мүмкіндік береді, яғни қала экологиясына да оң әсерін тигізеді.

Сондай-ақ Премьер-Министр Gate City серіктес қаласындағы «Қоянқұс» тұрғын ауданында жалпы алаңы 290 мың шаршы метрден асатын 70 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Жұмыстарды 2024 жылдың соңына қарай аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар Қонаев қаласында Үкімет басшысы 2020 жылы газға ауыстырылған «Жылу орталығы» жылумен жабдықтау ұйымының жұмысымен танысты. Қазіргі уақытта ол шамамен 179,72 Гкал/сағ өндіреді және 30 мыңға жуық абонентті, бюджеттік ұйымдарды және басқа да объектілерді жылу энергиясымен қамтамасыз етеді.

Әлихан Смайылов жылумен жабдықтау көздерін газға ауыстыру оның энергия тиімділігін арттыруға және атмосфераға шығарылатын зиянды заттар қалдықтарын едәуір төмендетуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

Премьер-Министр «Кнауф Гипс Қапшағай» ЖШС-ға барды. Кәсіпорын 2003 жылы жеке инвестициялар есебінен салынды және гипстен жасалған бұйымдар, құрғақ құрылыс қоспаларын, сондай-ақ мырышталған профильдер шығарады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях