Беларусь: Мемлекеттік телеарна қызметкерлері ереуілге шықты

Беларусь: Мемлекеттік телеарна қызметкерлері ереуілге шықты

 

Белтелерадиокомпания басқаратын Беларусьтегі ірі мемлекеттік телеарна қызметкерлері ереуілге шығып, жалпыхалықтық шеруге қосылды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы TUT.by сайтына сілтеме жасап.

Белтелерадиокомпания ғимараты алдына ондаған жұмысшы жиналған. Бұған дейін олар компания басшысы Иван Эйстмонға арналған хабарламаға қол қойған. Хабарламада ОСК шешімін жарамсыз деп санауды және оның басшысы Лидия Ермошинаның орнынан кетуін, саяси тұтқындарды босатуды және БАҚ-тағы цензураны алып тастауды талап еткен. Сонымен қатар, ереуілге ОНТ және СТВ арналарының қызметкерлері де шыққан. Олардың басты талабы – азаматтарға күш көрсету мен зорлық-зомбылықты тоқтату.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях