2027 жылға қарай 3,5 мың ауылды дамыту жоспарлануда

2027 жылға қарай 3,5 мың ауылды дамыту жоспарлануда

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2027 жылға қарай әлеуеті жоғары 3,5 мың ауылдың бәрін Өңірлік стандарттар жүйесіне сай дамыту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Үкімет отырысында айтты.

Өңірлік стандарттар жүйесіне сай дамыту жоспары бойынша ауылдарда сапалы жолдар мен мәдениет, спорт және денсаулық сақтау объектілері, мектептер міндетті түрде болуы тиіс, сондай-ақ, ауыл инфрақұрылымын дамытуға баса мән беріледі.

«Біздің басты мақсатымыз – ауылдағы өмір сапасын жақсарту. Өткен жылдары жоба шеңберінде тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, көлік, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары бойынша жалпы құны 326 млрд теңге болатын 3,6 мың жоба іске асырылды», – деді Премьер-министр Ә.Смайылов.

Сонымен қатар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында жобаларды пайдалануға беру қарқыны жақсы екені баяндалды.

Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіш деңгейі төмен.

Биыл жалпы құны 143 млрд теңгеге 1,5 мың жоба жоспарланған.

 

2027 жылға қарай ауылдық елді мекендерде судың сапасы мен жолдардың жағдайы жақсарады, инженерлік желілер жөнделіп, әлеуметтік, мәдениет және спорт объектілері салынып, 40 мыңға жуық жұмыс орны құрылады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях