Мәсімхан Бейсебаев атындағы мектептің 100 жылдығы аталып өтті

Мәсімхан Бейсебаев атындағы мектептің 100 жылдығы аталып өтті

9 қарашада Елтай ауылдық округіндегі Береке ауылында Мәсімхан Бейсебаев атындағы орта мектептің 100 жылдығы кеңінен аталып өтті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Білім ұясындағы салтанатты жиында оның директоры Гүлзира Бердібекова мектеп тарихы, алғашқы директорлары, осы уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері, атақты түлектері, үздік оқушылардың табыстары, қазіргі жағдайы туралы жан-жақты баяндама жасады.

Жиналғандар алдында аудандық білім бөлімінің басшысы Жарқын Нұрғалымов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Едіге Жүнісбеков, Елтай ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Калида Қосшығұлов, мектептің ашылуының басында тұрған Қойгелді Байтұмановтың қызы Марфуға апай, Мәсімхан Бейсебаевтың баласы Қайрат Бейсебаев, мектеп түлектері – филология ғылымдарының докторы, профессор Бекен Ыбырайым, тұңғыш алтын медаль иегері Раушан Тоқсейітова, кәсіпкер  Расул Махмудов және тағы басқалар сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді.

Оқушылар ән айтып, күй тартып, би билеп өнер көрсетті. Әсіресе, жиынды мектеп мұғалімдерінен құралған хордың Абай әндерімен  түйіндеуі өте әсерлі болды.

Мұнан кейін мектеп фойэсінде мемлекет және қоғам қайраткері, кезінде Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы, яғни, Үкімет басшысы болған Мәсімхан Бейсебаевтың кеуде мүсіні (бюст) ашылып, оның лентасын Қайрат Бейсебаев, округ ардагерлер кеңесінің төрағасы Қалида Қосшығұлов және ауыл тұрғыны Таңжарық қария қиды.

Жиналғандар 1999 жылдан бері жұмыс істейтін мектеп музейін аралап  көрді. Мерейтой бағдарламасы аясында спорт жарыстары өткізілді. Сондай-ақ, көкпар ұйымдастырылып, ол да көпшіліктің көңілінен шықты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях