Сенат депутаттары аудан өмірімен танысып, өндіріс орындарын аралады

Сенат депутаттары аудан өмірімен танысып, өндіріс орындарын аралады

Бүгін ауданымызға ҚР Парламент Сенатының депутаттары Аңсар Мұсаханов және Нұрлан Қылышбаев жұмыс сапарымен келді. Келудегі мақсаты Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын насихаттап, аудан өмірімен танысып, өндіріс орындарын аралады. Астаналық меймандарды аудан басшысы Жандарбек Ермекұлы қарсы алды. Алдымен Қаскелең қаласындағы «Хамле» кондитерлік фабрикасын аралап, тыныс-тіршілігінен хабардар болды. Кәсіпорынның бас директоры Явуз Юрдгудер ғимарат ішін аралай жүріп, жан-жақты ақпарат берді. Оның айтуынша конфет-печенье, бисквитті тәттілердің сан алуан түрін шығаратын кәсіпорын тек өркендеу үстінде. Бүгінде 900-ден астам еңбек орнын ұсынып отырған фабриканың алға қойып отырған мақсаты импорт бағытын арттыру екен. Қазірдің өзінде Қазақстанның барлық өңірлерін айтпағанда, Ресей, Түркменстан, Әзірбайжан мемлекеттері мен Қытайдың Шыңжаң автономиясында тауарларға деген сұраныс көптеп артуда. Осы қарқынмен өндіріс орны алдағы уақытта аспан асты елінің ішкі нарығына өтуді мақсат етеді.

Ал, бұдан кейін, халық қалаулылары зауыттың ішкі асханасымен танысып, конференция залына бет бұрып жұмысшылармен тілдесті. Онда, Елбасының Жолдауындағы «7-20-25» бағдарламасы жайлы, сонымен қатар, жалпы, ауданда жасалып жатқан жұмыстармен бөлісті. Мұнан өзге қарапайым жұмысшылардың көкейіндегі сұрақтарына жауап қатып, өтініштеріне де құлақ асты.

Келесі кезекте депутаттар ауданымызда жаңадан бой көтерген спорттық сауықтыру кешеніне ат басын бұрды. Бас директор Дәурен Төлеген ғимараттың ішкі құрылысы мен жүзеге асып жатқан жобаларымен таныстырды. Бұл ретте депутат нақты сұрақтар қойып, кешеннің сапасы және балаларға қандай жағдай жасалынғанын бақылап, мәлімет алды. Атап айтар болсақ, бұл спорттық орталықтың аумағы екі гектар, ал, ғимараттың үлесі 2893 шаршы метрді алып отыр. Орталықтың бірінші қабаты ойын спорттарына, нақтырақ, волейбол және баскетболға 1220 шаршы метр бөлінген. Оның ішінде, жаттығу залы да бар. Ал, екінші қабаты 430 шаршы метр көлемді бокс пен күрес спорт түрлеріне арналған. Бүгінде спорттық сауықтыру кешенінде 28 білікті, тәжірибелі жаттықтырушылар балалармен жұмыс жасауда. Бұдан бөлек, орталыққа қатысушы жасөспірімдер өздерінің алғашқы жемісті жетістіктерінде республикалық жарыстарда орын алып көрсетуде. Кешенмен толық танысып болған хсенаторлар мұнан соң «Маолин компаниясы» және «Isker company» ЖШС-не бет бұрды. Аталмыш кәсіпорындардың жағдайымен танысып, жұмысшыларымен жүздесіп, тілдесіп кетті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях