Алматы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев «Киелі мекен» акциясын бастады

Алматы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев «Киелі мекен» акциясын бастады

Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акцияның «Киелі мекен» атты екінші аптасы басталды. Оның аясында облысқа қарасты Жамбыл ауданындағы «Жамбыл Жабаев» мұражайы, «Таңбалы» қорық-музейі, Талғар ауданындағы «Талғар Қалашығы» және «Жаңа» репрессия құрбандарын еске алу мұражайы, Ұйғыр ауданындағы «Шарын» ұлттық табиғи паркі аумағында, Қарасай ауданындағы Қарасай батыр ескерткіші, Іле ауданындағы Өтеген батыр ескерткіші аумағында тазалау жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Жалпы 800-ге жуық адам қатысқан акция «Тамғалы тас» тарихи-мәдени ескерткішінің аумағында басталды.

– «Еліміздің көптеген өңірлері үшін қиын кезеңде, біз су тасқынынан зардап шекпеген өңірлердің тұрғындары жұмылып, үйлерімізді, аулаларымызды, көшелеріміз бен елді мекендерімізді ретке келтіруіміз керек.  Елді мекендердің көшелерін тазарту, ағаш отырғызу және аумақтарды абаттандыру акциясын бастаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осылай деді. Акцияның негізгі бағыты – «Киелі мекен» жобасы.  Оның аясында бір аптаның көлемінде тарихи-мәдени ескерткiштердi абаттандыру жұмыстарын атқару көзделген. Бұл апталық Алматы облысынан бастау алып отыр. Себебі Алатау өңірінің тарихы бай әрі терең. Облыс аумағында 1200-ге жуық тарихи және мәдениет ескерткіштері болса, оның 961-і археологиялық ескерткіштер болып табылады. Талғар (Талхиз), Қарамерген қалашықтары және «Таңбалы» қорық-музейі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енген. Бүгін біз бірнеше ғасырдың белгісі бар Таңбалы тас шатқалына келіп, аумағын тазалауды қолға алып отырмыз. Осы игі іске атсалысқан барша жандарға алғысымды білдіремін», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Өңірдегі 70-тен астам тарихи-мәдени нысандар бір мезгілде ретке келтірілді.  Бұл акцияға облыстың барлық тұрғындары белсене қатысуда.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде республика бойынша «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы басталды, ол 11 мамырға дейін жалғасады.  Акция бес аптаға созылады, олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях