Талғар ауданына жаңа әкім тағайындалды

Талғар ауданына жаңа әкім тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімімен, Алматы облысы әкімінің өкімімен Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков Талғар ауданның әкімі  лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Жаңа әкімді өңір активіне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев таныстырды. Өз сөзінде облыс басшысы аймақ ахуалында айрықша орны бар аудан әкімдігінің алдында тұрған мына міндеттерді атап өтті:

– ауданға инвесторларды тарту жұмыстарын жандандыруды;
— ауданның елді мекендерін ауыз сумен жабдықтау жұмыстарын жалғастыруды;
— құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін және нысандардың уақытылы қолданысқа берілуін қадағалауды;
— жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жұмысты жалғастыруды;
— пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлерді қайтару бойынша жұмыстарды жандандыруды.

Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков 1971 жылы туған. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Экономист-бухгалтер» мамандығы және 2017 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетін «құқық бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы «Қуаныш» акционерлік қоғамының есепшісі болып бастады.
Әр жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының экономика бөлімінің бас маманы, Түрксіб ауданы әкімі аппаратының бөлімі басшысы, Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары, Бостандық ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы лауазымдарын атқарған.
2021 жылдың маусым айынан Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы лауазымын атқарған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях