Президент экономикалық ілгерілету мен әлеуметтік мәселелерге қатысты заңға қол қойды

Президент экономикалық ілгерілету мен әлеуметтік мәселелерге қатысты заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестициялар тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл жайында Ақорда сайтында жария болған деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Яғни, қабылданған заң аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін көтеріліп отыр. Көпбалалы отбасылардағы әр балаға берілетін минималды төлем 20 789 теңге сомасында бекітілді. Мүгедек бала асырап отырған және бала шағынан бірінші топтағы мүгедек баланы бағып отырған ата-аналарға ай сайын берілетін жәрдемақы 30 пайызға өсті.

Сондай-ақ, бұл заң арқылы маманданған педагогтарға, дәрігерлерге, полицейлерге және өзге де мамандық иелеріне «7-20-25» бағдарламасы аясында жеңілдігі бар ипотека бойынша жергілікті бюджеттен алғашқы жарналарды субсидиялау механизмі енгізіліп отыр.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях