Павлодарда автовокзал маңынан емізулі бала табылды

Павлодарда автовокзал маңынан емізулі бала табылды

Кеше Павлодардағы автовокзал маңынан кішкентай бала табылды,  деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

– 8-10 айлық бала кешкі сағат тоғыз жарым шамасында вокзал маңындағы трамвай аялдамасының қасынан табылды, – деп мәлімдеді «Vita Павлодар іздеушілері» қоғамдық бірлестігінің еріктісі Екатерина Кудрявцева.

Павлодарлық еріктілердің айтуынша, видеокамерадағы жазбаларға қарағанда баланы бір әйел тастап кеткен. Сәби бірден Павлодардың облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта бала мамандардың бақылауында.

Кейін волонтерлар Павлодар полиция бөлімінің басшысымен бірге баланың анасының қайда екенін тапқанын хабарлады. Әйелді үш сағаттай іздеген. Қазір полицейлер баласын көшеге тастап кетуге не себеп болғанын анықтап жатыр.

Баланың есімі – Батыр, ол 1,3 жасар.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях