Бір жасар баласын автовокзал маңынан тастап кеткен әйел ұсталды

Бір жасар баласын автовокзал маңынан тастап кеткен әйел ұсталды

Павлодарда аязда бір жасар баласын тастап кеткен әйел ұсталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйел полициядағыларға баланы өзі автовокзал маңындағы трамвай аялдамасында қалдырып кеткенін айтты.

– Кішкентай балаға қауіп төндірген 33 жастағы әйел ұсталды. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 119-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.

Департаменттің мәліметінше, ұсталған әйел тұрмыс құрмаған. Екібастұзда әжесімен тұратын оның бір жасар баласынан басқа тағы бір перзенті бар екен.

Еске салайық, мұның алдында Павлодарда автовокзал маңынан емізулі бала табылғаны хабарланған еді. Жергілікті еріктілердің айтуынша, бала 26 қарашада кешке табылған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях