«Экосағат» акциясы

«Экосағат» акциясы

Шамалған округінде орналасқан «Үшқоңыр» спорт кешенінің артында 100 түп ағаш отырғызылды, деп хабарлады Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Бүгін республикамыз бойынша «Экологиялық сағат» акциясы басталды. Тұрғындар мен енді өсіп келе жатқан ұрпақты қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған республикалық «экологиялық сағат» акциясына қарасайлықтарда атсалысты.

Акция аясында бүгін ауданымзға қарасты Шамалған округінде орналасқан «Үшқоңыр» спорт кешенінде округ әкімі Ержас Тоқтасынов бастаған бір топ адамдар 100-ден астам ағаш отырғызды. Айта кетері Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы болып табылатын бұл акция ауданымызға қарасты барлық ауылдық округтерде де өткізілді. Аудан әкімдігі қолдауымен өткізілген шарада мекеме, дербес бөлімдер мен кәсіпорындар, сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдармен бірге акцияға жеке тұрғындар да атсалысып, терек, қарағай, ақ қайын, шырша сияқты 1000-нан аса саялы ағаш көшеттері егілді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях