«Ореn Air» форматында жүргізілдген ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

«Ореn Air» форматында жүргізілдген ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Қазақстан Республикасы ақпараттық тобы мен Алматы облысының дін істері басқармасы ұйымдарынан құралған топ мүшелері кеше ауданымыздың бірнеше жерлерінде дін мәселесіне байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Алдымен топ мүшелері Шамалғанда орналасқан Кәсіптік білім берудің көпсалалы колледжі мен Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің студенттерімен кездесті. Мұнда дінтанушы, философия институтының ғылыми қызметкері, PhD докторы Алмасбек Шагирбаев пен ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы екеуі «Дін және жастар тәрбиесі» және «Ғаламтор діни экстремизм мен терроризм идеяларын насихаттау және еліктеу алаңы» атты тақырыптар аясында сөз қозғады.

Мұнан кейін олар аудан орталығындағы «Жер ана» базарында саудагерлер, тұтынушылар, такси жүргізушілеріне «Ореn Air» форматында «Дін тұтастығы – ел бірлігі» атты сурет көрмесі және кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиналған қауымға дінтанушы «Әлеуметтік процестерді зерттеу және талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры Толганай Мустафина дін саласындағы мемлекеттік саясат, зайырлы мемлекеттің қағидалары, тыйым салынған діндердің қоғамға келтіретін зардабы туралы түсіндірді. Сондай-ақ, адамдарға экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған парақшалар тараттылды.

Түстен кейін түсіндіу тобынын мүшелері Абай атындағы орта мектеп-гимназиясында жиналған «Аяжан» және «Жәрдем» колледждерінің студенттерімен, сондай-ақ, Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжінің білімгерлерімен кездесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Дінтанушылар «Дін, дәстүр, мәдениет – біздің ортақ құндылығымыз» және «Жастардың діни негіздегі лаңкестік экстремистік топтарға тарту жолдары және олардың технологиялары» тақырыбында сөз қозғады.

Жиын барысында олар студенттерге Қазақтан аумағында таралып жатқан діни ағымдар туралы мағлұмат беріп, талапкерлермен сұрақ-жауап айдарын өткізіп, осы тақырыпта бірнеше бейнероликтер көрсетіп өтті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях