101 жастағы кейуана коронавирустан емделіп шықты

101 жастағы кейуана коронавирустан емделіп шықты

Испанияда 101 жастағы кейуана коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарт ана Астуриядағы ауруханаға наурыздың 15-і күні жеткізілген еді. Содан 2 апта ем-дом алған кейуана қазір вирустан айығып үйіне қайтып отыр. Бұған дейін жұқпалы дерттен 93 жастағы қарт жазылып шыққан. Айта кетейік, испан елінде қазір індетке шалдыққандардың саны 117 мыңнан асты. 11 мың науқас дерттен көз жұмды. Дәрігерлердің айтуынша, наурыздың 26-сынан бері алғаш рет вирустан қайтыс болғандардың саны азайған.
– Менің шешемнің дерттен жызылып шығуы өзге науқастарға үміт сыйлайды деп сенемін. Коронавирустан 101 жастағы адам емделсе, сіздердің де аурудан айығып шығатындарыңыз анық. Сондықтан ешнәрсеге қарамай күресу қажет, — деді науқастың қызы Мари Кармен.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях