АҚШ-та медбикелер наразылық шеруіне шықты

АҚШ-та медбикелер наразылық шеруіне шықты

Американың ең ірі қаласы Нью-Йорктегі ауруханалардың бірінде қызмет ететін медбикелер наразылық акциясына шықты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Оған себеп – дәрігерлерге қорғану құралдарының жетіспеуі. Жиналғандардың айтуынша, қазір олар бір реттік бетпердені бірнеше рет тағуға мәжбүр. Осылайша, науқастармен үнемі тығыз байланыста жүрген мамандар бастарын қатерге тігуде дейді медицина қызметкерлері. Айта кетейік, қазір медициналық жабдық тапшылығына байланысты Америка билігі дәрігерлерді қорғану құралдарын үнемдеуге шақырып отыр. Бірақ, шерушілер қайта залалсыздандырылған бетперденің тиімділігі ғылыми тұрғыдан дәлелденбегенін айтады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях