Жаңару мен жаңғырудың даңғыл жолына түскен Қазақстан ширек ғасырдың ішінде бүкіл әлемге қуатты, дамыған, ынтымағы жарасып, ырысы артқан мемлекет ретінде танылды. Елбасымыз ендігі кезекте барша қазақстандықтың алдына осы береке-бірлік пен саяси тұрақтылықты одан әрі нығайтып, еліміздің іргесін бекіте түсуді басты мақсат етіп қойып отыр. Президенттің мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі жөніндегі Үндеуі соның жарқын бір көрінісі. Бүгінде еліміздегі барлық саяси партия, ірі қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар және азаматтық қоғам өкілдері оған өз қолдауын білдіруде. Осы мақсатта кеше «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында, облыстық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Садық Әбдіқадыров пен облыстық мәслихат хатшысы Серік Мұқановтың жетекшілігімен, Мемлекет басшысының Үндеуі кеңінен талқыланды. Оған облыстық мәслихат депутаты Жанболат Жөргенбаев пен Серік Донбаев, аудандық мәслихат хатшысы Еділ Қалиев, аудандық мәслихат депутаттары Атлана Исаева, Жанар Кулиева, Бауыржан Айнабеков, Қуаныш Баяманов және аудандық Саяси кеңес мүшелері мен партия филиалының қызметкерлері қатысты. Жиын барысында Үндеуде қамтылған бағыттар аясында елімізде бірқатар маңызды жұмыстар жүзеге асып, ауқымды жоспарлар қолға алынып жатқандығы айтылды. Бұдан бөлек, оны халыққа насихаттау жұмыстары кеңінен әңгіме болды.
Сағат 20.10: Алматы облысында халықтың 60,03% сайлауға келді
Соңғы деректерге сәйкес Алматы облысында халықтың 60,03% дауыс берді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023...
Ұлы Отан соғысының ардагері ел қатарлы таңдау жасады
Бір ғасырлық ғұмырдан асқан Ұлы Отан соғысының ардагері Адиш Абдраимов бүгін сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Қарасай ауданының орталығы...
Сайлау күні сәбилер өмірге келді
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының перзентханасынан ақжолтай жаңалық жетті, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Таңертең ғана сайлау учаскесінде қалаған кандидатқа дауыс беріп үлгерген келіншектер аздаған сәттерден...
Чтобы наш Казахстан процветал
Жительница города Каскелен Валентина Казакова пришла на свой избирательный участок, прихрамывая, но в приподнятом настроении, передает Naqty.kz.
Бабушке 81 год. В Каскелене живет она вот...
Ауданның Құрметті азаматы саяси реформаға қолдау білдірді
Қарасай ауданына қарасты Елтай ауылының тұрғыны, ауданның Құрметті азаматы, өлкетанушы Орынбасар Жәнаділ №498 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Ардагер-ұстаз Орынбасар...