Жамбыл ауданымен шекаралас жатқан Бірінші Май ауылдық округінде де былтырғы жылы қолға алынып, жүзеге асқан жұмыстар аз емес. Олар бүгін аудан әкімі Махаббат Бигелдиевтің тұрғындармен жүздесіп, берген есебі кезінде қорытыланды. Атап айтсақ, Қайнар ауылының су құбырларын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 7 200 000 теңге, Бекболат ауылының электр жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 11 430 000 теңге, Бекболат ауылының көше жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 40 024 000 теңге бөлініп, қаражат толықтай игерілген. Сонымен қатар, округке жыл басынан «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Бекболат ауылының су жүйелерін ағымдағы жөндеуге 12 млн теңге қаражат қарастырылып, жұмыстар атқарылған. Бұл округте жыл сайын көтерілетін мәселелердің бірі тұрғын үйлер түсіп кеткен жерлерді заңдастыру болатын. Аудан басшысының тікелей араласуымен ол да шешімін тапқан және Жамбыл ауданындағы Қарғалы өзенінен су тарту сұрағының түйіні де тарқатылған екен. Бұдан бөлек, Қайнар ауылындағы көнерген мектепті күрделі жөндеуден өткізуге де ақша бөлініп, тұрғындар ризашылығы арта түскен. Осы айтылғандарды өз баяндамасына арқау еткен округ әкімі Мұратбек Қарнақовтың сөзін жарыссөзге шыққан халық өкілдері де жалғай түсіп, аудан басшысының тағайындала сала келіп округ активімен жүздесіп, уәде берген бірқатар істі тігісін жатқыза орындағаны үшін алғыстарын жеткізді. Ал, Махаббат Садуақасұлы болса өз кезегінде, ауылдарда жыл сайын алға қойған мақсаттарымыздың біраз бөлігі жүзеге асқанының өзі ауызбіршілік пен ынтымақтың арқасындағы ортақ істің нәтижесі екенін айтып, халыққа жақсы тілегін жеткізді. Елбасы жақында жариялаған Үндеуінің маңызына тоқтала келе, оны талқылауға бір ай уақыт берілгенін, осы мерзімде елімізді демократияландыруға бағытталған бұл қадамға қатысты пікірлерін білдіруден қалыс қалмауға шақырды. Біріншімайлықтар да бірауыздан аудан әкімінің есебін қанағаттанарлық деп тапты.
Сағат 20.10: Алматы облысында халықтың 60,03% сайлауға келді
Соңғы деректерге сәйкес Алматы облысында халықтың 60,03% дауыс берді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023...
Ұлы Отан соғысының ардагері ел қатарлы таңдау жасады
Бір ғасырлық ғұмырдан асқан Ұлы Отан соғысының ардагері Адиш Абдраимов бүгін сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Қарасай ауданының орталығы...
Сайлау күні сәбилер өмірге келді
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының перзентханасынан ақжолтай жаңалық жетті, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Таңертең ғана сайлау учаскесінде қалаған кандидатқа дауыс беріп үлгерген келіншектер аздаған сәттерден...
Чтобы наш Казахстан процветал
Жительница города Каскелен Валентина Казакова пришла на свой избирательный участок, прихрамывая, но в приподнятом настроении, передает Naqty.kz.
Бабушке 81 год. В Каскелене живет она вот...
Ауданның Құрметті азаматы саяси реформаға қолдау білдірді
Қарасай ауданына қарасты Елтай ауылының тұрғыны, ауданның Құрметті азаматы, өлкетанушы Орынбасар Жәнаділ №498 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Ардагер-ұстаз Орынбасар...