Жандосов ауылдық округінің әкімі болып кім тіркелді?

0
784

Сайлау комиссиясының хаттамасына сәйкес Жандосов ауылдық округінің жаңа әкімі тіркелді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Жандосов ауылдық округінің әкімі лауазымына сайлау өткені еді. Үш үміткер бақ сынаған сайлаудың қорытындысы бүгін белгілі болды.
Сонымен «ҚР сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңының 14-бабының 9-тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Қарасай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 1992 жылы туған, Қаскелең қаласының тұрғыны, бүгінгі күнге дейін Жібек жолы ауылдық округі әкімінің орынбасары Жамбауов Алмас Ғалымжанұлын Жандосов ауылдық округінің әкімі ретінде тіркеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь