Жаңашамалғандықтар Үндеуге өз қолдауын білдірді

Жаңашамалғандықтар Үндеуге өз қолдауын білдірді

Жаңашамалған ауылдық округінің тұрғындары да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөнінде ел халқына жақында жолдаған «Билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелелері» Үндеуін бірауыздан қолдайды. Бұл туралы жуырда Шамалған бекетіндегі қазақ орта мектебінде өткен, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Жанболат Жөргенбаев және аудандық мәслихаттың депутаттары Бауыржан Айнабеков, Жеңіс Бектасов, Жанар Кулиева қатысқан жиынында атап айтылды. Яғни, халық қалаулылары мен жұртшылық өкілдері бас қосып, Мемлекет басшысының Қазақстанды демократияландыру жолындағы жаңа қадамына үлкен баға берді.

Жалпы бұл басқосуда Үндеудің еліміздің ертеңі үшін маңы­зы зор екені, онымен қоса, Президент ұсынған бұл жаңа бағыт мемлекеттігімізді одан әрі нығайтуға және биліктің барлық тармақ­тарының жауапкершілігін күшейтуге арналғаны әңгіме арқауына айналды. Сонымен қатар, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Жанболат Әкебайұлы Елба­сының Үндеуінің бір ай бойы, яғни, 26 қаңтар мен 26 ақпан аралығында бүкілхалықтық талқылауға шыға­рылға­нын жеткізді. Ал, аудандық мәслихаттың депутаты Жеңіс Бектасов еліміз­дегі саяси реформалардың осыдан бір­неше жыл бұрын бастау алғанына тоқ­талып: «Мемлекет басшысы 2005 жылы халыққа «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жо­лында» атты Жолдауын жолдаған бо­латын. Атының өзі айтып тұрғандай, елімізде алдымен экономикалық, кейін әлеуметтік жаңғыру жұмыстары осыдан 12 жыл бұрын басталды. Ендігі кезек нақты саяси реформаларға келді. Осыған орай, Үкімет пен Парламентке жүктелетін жауапкершілік артады. Себебі, Елбасы реформасының мәні – билік тармақ­тарына өкілеттік беру ғана емес, сонымен бірге, үлкен жауапкершілік жүктеу», – деді.

Жиын барысында мұғалімдер, ақсақалдар және ауыл тұрғындары да ел өміріндегі маңызды саяси өзгеріс турасында өздерінің осындай пайымды пікірлерін білдірді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях