Дені сау ұрпақ – ертеңгі елдің тірегі

Дені сау ұрпақ – ертеңгі елдің тірегі

Ауданымыздағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау  ұйымының «Денсаулықты  нығайтуға  қолдау көрсетуші мектептер» жобасын жүзеге асырып отырған  Алмалыбақ орта мектеп-гимназиясында түсіндіру жұмыстары өтті,  деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Жиын барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстан бойынша кеңесшісі Лаура Өтемісова пилоттық жобаның негізгі функциясын көпшілікке түсіндірді. Республика көлемінде жоба негізінде жүзеге асырылып жатқан жұмыс деңгейін мониторинг бойынша көрсетті. Сонымен қатар, «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» туралы бейнеролик ұсынылды. Жиынның басты мақсатына тоқталатын болсақ, ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беретін мектептер» жобасы аясында балалардың денсаулығын нығайту, дұрыс тамақтану, балалар мен жасөспірімдер арасында аурушаңдық деңгейін төмендету, мектеп медицинасының денсаулықты нығайтуға ықпалын жақсарту болып табылады.

Сондай-ақ, Алмалыбақ орта мектеп-гимназиясы директорының әдістемелік іс жөніндегі орынбасары Шолпан Рахмашова жобаның артықшылығын тізбектеп, мектептегі  жыл бойы жасалынған қызмет түрі мен функционалдық міндетін айтты. Жиын барысында осы жоба аясында облыс бойынша мектеп оқушылары арасында «Мектеп жасындағы балаларға арналған құрал-жабдықтардың медициналық мінез-құлқына» негізделген сауалнама жүргізілетіні жөнінде де әңгіме болды.

Мұнан бөлек, жобаға қатысатын мектептер үшін ДДҰ сарапшылары ұсынған  тәжірибелік нұсқаулық жақын уақыттарда мемлекеттік тілге аударылып, ДСДРО интернет-ресурсы арқылы таратылады, яғни, барлық қызығушылық танытқан тұлғалар үшін қол жетімді болатыны жайлы сөз етілді. Сонымен қатар, «Қазақстандағы денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» санын арттыру үшін Еуропадағы Денсаулық мектептері желісінің сайтына ұқсас қазақстандық сайт жасалатыны туралы да айтылды.

Жиын соныңда келген комиссия мүшелері жобаның қалай іске асып жатқанын көру мақсатында мектепті аралап шығып, оқушылар мен ата-аналардың ұйымдастырған «әке, ана және мен» атты спорттық эстафета жарысын тамашалады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях