Ауданымыздың атымтай азаматтары марапатталды

Ауданымыздың атымтай азаматтары марапатталды

Бүгін аудан әкімі Ж. Далабаев Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сәйкес туған жерін түлетуге атсалысып, әл-ауқаты әлсіз топтарға көмек қолын созып жүрген бір топ азаматтарды арнайы Алғыс хатпен марапаттап, естелік сыйлық тапсырды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Ортамызда туған жердің өркендеуіне елеулі үлес қосып, қамқорлыққа зәру жандарға қол ұшын созып жүрген атымтай жомарт азаматтар жетерлік. Айналасына жанашыр меценаттарға, бизнес-құрылым өкілдеріне, қоғамдық ұйымдар мен еріктілерге қандай құрмет көрсетсек те артық емес. Осы ретте, бүгін аудан басшысы Жандарбек Далабаев ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан ауданымыздың бірқатар азаматтарына «Жомарт жүрек» сыйлығын табыстады.

Атап айтар болсақ, «Жомарт жүрек» сыйлығының «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, елді мекендерді аббаттандыруға, демалыс бақтарды, ескерткіштерді салуға, қоғамдық маңызы бар шараларға бас демеушілік жасағаны үшін «Isker Company» АҚ-на табысталды. Сондай-ақ, осындай игі істермен айналысып, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, ата-анасының қарауынсыз қалған жетім балаларға, мүгедектерге қайырымдылық көмек көрсеткені үшін «Жыл меценаты» номинациясына Данияр Абдиғапаров ие болды.

Аудан кезеңінен өтіп лауреат болып танылған осы азаматтар енді жобаның келесі деңгейіне өтіп, өздерінің бақтарын облыстық байқауда сынайтын болады.

Бір айта кетері, «Жомарт жүрек» байқау Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының төңірегіндегі «Атамекен» кіші бағдарламасының аясында мейірімді азаматтардың бойларындағы елдік ұстанымды аудан жұртшылығына кеңінен насихаттап, үздік тәжірибесін көпшілікке тарату мақсатында республика көлемінде биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях