Қазақстандық оқушылар жетістігі әлемнің үздіктер қатарында

Қазақстандық оқушылар жетістігі әлемнің үздіктер қатарында

Ұлыбританияның Vouchercloud порталы әлемнің ең үздік елдерінің тізімін ұсынды. Жалпы, тізім үш негізгі фактор арқылы жасалған — Нобель иегерлерінің саны, халықтың орташа IQ көрсеткіші және мектептегі оқу үлгерімі жариялаған деп хабарлайды Karasayinfo.kz   желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ең ақылды деген 25 мемлекеттің көшін Жапония бастап тұр. Ал, АҚШ Нобель сыйлығының лауреаттарының  көптігімен кірген,  бұл титулды 368 адам иеленген.

Ал Қазақстан негізгі рейтингте жоқ, бірақ мектеп оқушыларының жетістіктері бойынша әлем мемлекеттерінің ішінде тоғызыншы орын алып, Ұлыбритания, Израиль, Швейцария сияқты мемлекеттерден озық тұр. Мұны рейтинг авторлары тосынсый деп отыр. «Ресейдің көршісі Қазақстан әлем бойынша ең ақылды балаларымен күтпеген деңгейден көрініп отыр. Көз алдымызда зияткер мемлекет туып жатқан да шығар», — делінген жарияланымда.

Жасалған тізімнің алғашқы ондығын Еуропа елдері бастап тұрғанымен,  Forbes журналисі Дункан Мэдден рейтингке сараптама жасай келе, болашақта бұл рейтингте азиялық елдер көш бастайды деп тұжырым жасап отыр.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях