Қарасайлықтарға қолайлы қоғамдық көлік (Видео)

Қарасайлықтарға қолайлы қоғамдық көлік (Видео)

Қоғамдық көлікте қатынайтын қарасайлық жолаушылар үшін жақсы жаңалықтардың бірі – 202 нөмірлі автобустардың пайда болуы. Жаңа жылдың қарсаңында Алматы қаласына қарасты «Алматыэлектротранс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  202 нөмірлі 20 автобус түрін тиісті бағыт бойынша іске қосқан еді. Яғни, шағын автобустар Сайран-Үшқоңыр автобекеттері арасында жолаушыларды тасымалдайды. Бұл бағытта жүретін автобустардың халық үшін тиімді тұстары да жетерлік.

Оңай картасының жолаушылар үшін тағы бір жеңілдігі оқушы, студенттерге арналған және әлеуметтік сияқты карталардың бар болуында. Олардың тарифтік бағасында 50%-ды жеңілдігі бар, яғни, 40 теңге.

Жалпы, автобустардың дәл осы бағытта жұмыс жасауына қарасайлық тұрғындардың өтініштері де себеп болған. Сұраныстан пайда болған қоғамдық көліктердің өзгеріссіз күнделікті жұмыс тәртібі де бар көрінеді.

Бұл қоғамдық көлік Үшқоңыр автобекетінен Алматы қаласына бет алғанда Қаскелеңнің бірнеше көшелерін басып өтеді. Атап айтсақ, Мақашев, Жанғозин және Наурызбай көшелерімен өтіп, Райымбек даңғылының бойымен Сайран автобекетіне дейін жүреді. Аталған аялдамаларды citybus мобильдік қосымшасы арқылы да бақылай аласыз. Ал, жолаушылар тарапы мұндай маршруттың болғаны тиімді екенін жеткізуде.

Осындай пікірлерден кейін коғамдық көліктердің тұрғындар үшін пайдалы жұмыс атқарып жатқандарын байқауымызға болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях