Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады

Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады

Бүгін ауданымыздағы «Aport» сауда, ойын-сауық орталығының кинотеатрында көп балалы және әлеуметтік осал топтағы отбасылардың 20 бала тегін фильм тамашалады. Аталмыш шараны «Қайырымдылық істер марафоны» жалпыұлттық жоба аясында «Якар» ЖШС кондитерлік фабрикасының демеушілігімен аудандық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Ауданымыздың Жастар ресурстық орталығының белсенді жастары бүгінде әртүрлі шараларға тек бір бағытты ұстанбай, жан-жақты жұмыс жасап келеді. Олар ауданымызда атқарылып жатқан іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысудан бөлек, мұқтаж отбасыларға, ата-ананын қамқорлығысыз қалған балалар мен қарттар үйіне және де мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолдау көрсетуде.
Міне, бүгінде белсенді жастарымыз тағы бір игі шара ұйымдастырып, кішкентай қарасайлықтарды қуанытты. Балаларға қуаныш сыйлауға бағытталған шарада жоғарыда айтып өткеніміздей жастар 20 баланы тегін кинокөрсетілімге апарып, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, бүгінгі қайырымдылық акциясын өткізуге қолдау көрсеткен «Якар» ЖШС кондитерлік фабрикасы оның барысында балаларға түрлі тәттілер таратты.
Осылайша жастардын ұйымдастырған шаралары балалардың көңілдерінде ерекше әсер қалдырып, оларға қуаныш сыйлады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях