Қарасай ауданының дүкендерінде көкөністер төмен бағада сатылуда

Қарасай ауданының дүкендерінде көкөністер төмен бағада сатылуда

Қарасай ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын тұрақты ұстап тұру үшін көкөністің бірнеше түрі дүкен сөрелеріне төмен бағада жеткізілуде, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы Қарасай аудандық кәсіпкерлік бөлімінің берген ақпаратына сүйеніп.

Көкөністерді ауданға жеткізуші – «Қонаев» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ. Аталған компанияның бағаны тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларындағы бағаны тежеу үшін бүгінгі күнге дейін 1,3 тонна қырыққабат (110тг/кг), 3,3 тонна картоп (100тг/кг) және 1 тонна пияз (160тг/кг) аудандағы дүкен сөрелеріне жеткізілді.
Осындай көкөністің түрін көрсетілген бағада алу үшін алдын ала тапсырыс беруге болады. Алайда олардың барлығы дүкендерден қабылданады. Басты шарты – саудадағы шекті үстеме бағасы 15%-дан аспауы қажет.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях