Қарасай ауданында өмірге келген үшем перзентханадан шықты

Қарасай ауданында өмірге келген үшем перзентханадан шықты

Бүгін Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасының перзетханасында дүниеге келген үшем анасымен бірге үйлеріне шығарылды.

22 ақпан күні Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылының 29 жасар тұрғыны Ақмарал Айдар үшемді дүниеге әкеліп, алты баланың анасы атанды.  Ақмаралды күміс алқа иегері атандырған бөбектердің  екеуі ұл ал, біреуі қыз болса, салмақтары туғанда  1 820, 2 460 және 2 100 граммнан болыпты.  Аналары үшемді 36 аптада, мерзімінен ерте  кесарь тілігі арқылы босанды. Ақмарал мен күйеуі Талғат екеуі сәбилерге Садық, Сыдық және Қаракөз  деген есімдер беріпті.  Бір айға жуық бойы дәрігерлердің бақылауында болған ана мен бөбектер бүгін үйлеріне оралды. «Қазір денсаулықтары жақсы, жағдайлары қалыпты. Денсаулықтарында ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», – деді Қарасай ауданаралық көпсалалы аурухансының патология бөлімшесінің меңгерушісі Ғани Қалдыбаев.

Бір қызығы, Талғаттың да, Ақмаралдың да отбасында үшем болып дүниеге келген туыстары жоқ. Жас отбасы үшем дүниеге келетінін алғаш естігенде таңғалғанын жасырмады. Бүгінде бірден көпбалалы отбасыға айналған Талғат пен Ақмаралдың өз үйлері жоқ, туысқандарымен бірге тұрады. Жас отбасы «Балаларымыз емін еркін ойнайтын шаңырағымыз болса»,– деген арман тілектерін бөлісті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях