Коронавируспен ауырғандар ел аумағындағы шипажайларға емдеуге жіберілуі мүмкін

Коронавируспен ауырғандар ел аумағындағы шипажайларға емдеуге жіберілуі мүмкін

Брифинг барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов коронавируспен ауырған қазақстандықтар шипажайларда сауықтыру көмегін алуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Пандемия кезінде көптеген азаматтарға өз қаражатына емделуге тура келді. Біз мұны түсінеміз. Осыны ескере отырып, қор коронавирустық инфекцияға шалдыққан адамдарды сауықтыру туралы шешім қабылдады. Бізде Медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт бекіткен медициналық ұйымдар бар. Пандемия кезеңінде сауықтыру медициналық көмегі екі есеге қысқарды. Осыған байланысты, тамыз айынан бастап біздің қор коронавируспен ауырған науқастарды сауықтыруды бастайды, – деді спикер.

Б.Төкежанов айтуынша денсаулық сақтау министрлігі мен денсаулық сақтау басқармаларының құрамында өз шипажайлары, оңалту орталықтары және санаторийлік-курорттық ұйымдары бар. Бүгінде денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, сауықтыру көмегінің алгоритмі әзірленіп жатыр. Қордың өзі талдау жүргізіп, халық арасында бұл қызметтерге деген қажеттіліктің өте жоғары екенін анықтаған.

– «1406» байланыс орталығына осы жөнінде көптеген сұрақтар келіп түседі. Сондықтан, біздің қор Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, сырқаттан кейін науқастарды бақылау алгоритмдерін әзірлеуде. Біз емхана деңгейінен бастап оңалту орталықтары мен санаторийлік-курорттық ұйымдарға дейінгі барлық деңгейдегі көмек түрлерін қарастырып жатырмыз», – деп атап өтті қор басшысы.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях