Қарасай аудандық кәсіпкерлік бөлімінде – жаңа басшы

Қарасай аудандық кәсіпкерлік бөлімінде – жаңа басшы

Қарасай ауданының кәсіпкерлік бөліміне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Қарасай ауданы әкімінің өкімімен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы лауазымына Жандос Базарбаев тағайындалды. Ол – Жамбыл ауданының тумасы. 1976 жылы дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет құрылыс академиясын «құрылыстағы экономика және басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылдың тамызында салық инспекторы болып бастаған. Одан кейінгі қызметтік жолы төмендегідей:
1999-2005 жылдары – бас салық инспекторы;
2005-2008 жылдары – Жамбыл ауданы әкімі аппаратының қаржы бөлімі бастығының орынбасары;
2008-2009 жылдары – Жамбыл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары;
2009-2010 жылдары – Жамбыл ауданы бойынша салық басқармасының бастығының орынбасары, Жамбыл ауданының қаржы бөлімінің басшысы;
2010 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында – ҚР Президентінің Іс басқармасының жоспарлау, бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру бөлімінің бас эксперті,
2010-2012 жылдары – ҚР Президентінің Іс басқармасына қарасты «Автошарушылық» РМК директорының экономика жөніндегі директор орынбасары;
2012-2013 жылдары – Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша салық басқармасының заңды тұлғалардың салық аудиті бөлімінің бас маман-салық инспекторы;
2013 жылдың қыркүйек-қазан аралығында – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің бас бухгалтерінің орынбасары;
2013-2016 жылдары – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің директорының орынбасары;
2016-2017 жылдары – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің салық есебі және есептілік бөлімінің басшысы;
2017 жылдың маусымынан 2018 жылдың қазанына дейін – Қарасай ауданының Райымбек ауылдық округі әкімінің орынбасары;
2018 жылдың қазанынан 2019 жылдың тамызы аралығында – Қарасай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы;
Ал 2019 жылдың тамызынан 2022 жылдың маусым аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің экономика және қаржы департаментінің сектор меңгерушісі лауазымында еңбек етті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях