Қарасай аудандық кәсіпкерлік бөліміне жаңа басшы келді. Осы уақытқа дейін аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы қызметін атқарған Ислам Ибатжан енді кәсіпкерлік бөліміне жетекшілік етеді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Ислам Бауржанұлы 1997 жылы Қарасай ауданы Райымбек ауылында дүниеге келген. 2018 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Жергілікті және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бакалаврды тәмамдаса, 2020 жылы аталмыш оқу ордасында дәл осы мамандық бойынша магистр дәрежесінде білім алған.
Еңбек жолын 2018 жылы «Аккорд СПИК» ААҚ-ның материалдық жабдықтау бөлімінің жабдықтаушы инспекторы болып бастап, 2019-2020 жылдары аталмыш мекеменің материалдық жабдықтау бөлімі басшысының орынбасары лауазымында еңбек етті.
2020-2023 жылдары Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, бас маманы болып жұмыс істеді.
2023-2024 жылддары Райымбек ауылдық округі әкімінің орынбасары ретінде жауапты қызмет атқарды.
Ал 2024 жылдың мамырынан бастап осы уақытқа дейін Қарасай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінде бас маман болды.