Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Таяуда елімізде жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылданған еді. Осыған орай бүгін аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында Қарасай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері тұрғындарға кеңес берді, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Жалпы шара барасында басқарма мен орталық мамандары қарасайлықтарға жеке тұлға өзің банкрот деп жариялау үшін оның атында мүлкі болмауы керек, өтініш берген күнге дейін 12 ай қарызын төлей алмаған болуы тиіс екенін және тағы да басқа бірқатар шарттарды түсіндірді. Сондай-ақ, қызметкерлер бүгін орталыққа банкроттық туралы өтініш беруге келгендерге банкрот деп жариялағанның қандай салдары бар екенін де айтып берді. Нақтырақ айқанда, мамандардың айтуынша, банкрот болғандарға 5 жыл ішінде қарыздар мен несиелер алуға шектеу қойылады, 3 жыл бойы олардың қаржы жағдайы тексеріліп отырылады, сондай-ақ, банкроттықты 7 жылдан кейін ғана қайта қолдана алатын болады.

Ақпараттандыру жұмыстарынан бөлек мамандар тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, олардың мәселелері бойынша не істеу керектігі туралы ақыл-кеңестерін берді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях