Қарабұлақ ауылында қол күрестен біріншілік өтті

0
543

Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ ауылындағы «Street Work out» алаңында қол күресінен жасөспірімдер арасында ауыл біріншілігі өтті, деп хабарлайды naqty.kz  желілік басылымның тілшісі.

«Балалар жылына» орай ұйымдастырылған шара жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылықтарын арттырап, дене қабілеттерін шыңдап, салауатты өмір салтын сақтаутауға шақыруды мақсат етті. Айтулы бәсекеге Ескелді ауданы бойынша  он беске жуық жас спортшы қатысты.

Жарыс қорытындысына сәйкес, жүлделі бірінші орынды Сейітнұр Тоқтарбеков лайық деп танылса, екінші орынды Рүстем Мәдениетұлы алды. Ал,  үшінші орынды Мұхаммед Батырбек қанжығасына байлады.   Жеңімпаздарға арнайы диплом мен медальдар табысталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь