Ғали Ормановқа арналған әдеби кеш ұйымдастырылды  

0
573

Қарабұлақтағы Ескелді аудандық кітапханасындағы оқу залында «Ана тілім – асыл қазынам» атты қызығушылық клубының кезекті бас қосуында Ғали Ормановтың 115 жылдығына орай «Ғасыр ақыны» атты тақырыпта әдеби шара өтті, деп хабарлайды naqty.kz  желілік басылымның тілшісі.

Ғали Орманов – қазақ поэзиясының қалыптасуына, дамуына, өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосқан ақынның бірі. Ол орыстың, Шығыстың классикалық үлгілерін аударып, қазақ әдебиетінің аударма саласына да біршама үлес қосып, ірі жұмыстарды игерді. Туындылары арқылы өз заманының шынайы көрінісін айшықты бейнелей білген. Сонымен бірге, оның есімі Пушкиннің, Лермонтовтың, Маяковскийдің бірқатар шығармалары мен Толстойдың «Анна Каренина» романын аударуымен танылған.

Шараның негізгі мақсаты Ғани Орманов секілді ұлы тұлғалардың еңбектерін жас ұрпақтың алдын дәріптеу болатын. маңыздылығы мол басқосу барысында  «Қалың қазақтың Ғалиы» атты ақын өмірі мен еңбектеріне арналған көрме қойылып, ондағы кітаптар мен деректерді кітапхана қызметкері жиналған қауымға таныстырды. Ақынның өлеңдері оқылып, жиынға қатысқандар  рухани байып, ауданымыздың асыл тұлғасымен жақынырақ танысты. Осылайша Ғ.Ормановтың өлеңдерінде айтылған рухани-адамгершілік құндылықтарды көрсету, оның естелігіне құрмет көрсету, белгілі қазақ ақынының шығармашылығын еске алу және көпшілікке тарату мақсатында ұйымдастырылған іс-шара жоғары деңгейде өтті

Алдағы уақытта аталған кітапхана ұжымы дәл осындай әдеби шараларды жиі ұйымдастырып тұратындықтарын жеткізді.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь