Бүгін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы мен аудандық әділет басқармасы бірлесе «Әділет кеңес береді» атты республикалық акциясын өткізді. Онда аталмыш басқарманың басшысы Ренат Мадияров аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштеріне құлақ асты.
Жалпы, бұл жиынның мақсаты – аудан тұрғындарына тегін кәсіби тұрғыда заңгерлік кеңес беріп, партия мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайту және сенімділікті қалыптастыру болатын. Сонымен, ең алғашқы қабылдауға кірген Ж.Нұрлыбаевтың құжаттарды рәсімдеу туралы мәселесіне қатысты Ренат Кәрімұлы әділет басқармасына ресми шағым жазуын сұрады. Атап айтқанда, Шамалған бекетінің тұрғыны біршама жылдардан бері қайтыс болған әйелінің атындағы дәріханасын ұлының атына заңдастыра алмай жүр екен. Осы мәслесін алға тартқан азаматқа комиссия мүшелері алдағы уақытта көмектесетіндерін жеткізді. Мұнан соң, қабылдауға Абай ауылының тұрғыны Т.Айтбаев көрші үйіне салынып жатқан «Билайн» команиясының ұялы телефондарға арналған мұнараның зияндығы жайлы мәселені көтерді. Оған аудандық әділет басқармасының басшысы Р.Мадияров пен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы басшысының бірінші орынбасары Ы.Амалбек тиісті заңнамалық кеңестер беріп, бұл мәселе күн тәртібіне алынатынын айтып, шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.