Мектептерде балаларды мәжбүрлеп вакцинациялау жүргізілмейді

Мектептерде балаларды мәжбүрлеп вакцинациялау жүргізілмейді

Түрлі мессенджерде биыл 1 қарашадан бастап вакциналау мәртебесі негізінде балаларды отбасылардан тартып алуға мүмкіндік беретін заң күшіне енетіні туралы хабарлама тараған болатын. Stopfake.kz cайты бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды.

«Ақпарат шындыққа жанаспайды. Мұндай заң жобасы жоқ. Мектептерде балаларды мәжбүрлеп вакцинациялау жүргізілмейді. Мектеп балаларға білім береді, әлеуметтенуге көмектеседі. Ата-аналардың келісімінсіз вакцинациялау туралы мәселе көтеріліп отырған жоқ. Қазақстандықтардан әлеуметтік желілерде резонанс тудыру үшін жеке азаматтар тарататын жалған ақпаратқа сенбеулерін сұраймыз», деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях