Халық қалаулылары Қарасай ауданында

Халық қалаулылары Қарасай ауданында

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары  Әбдіманап Бектұрғанов мен Амангелді Дәуренбаев  жұмыс жоспары бойынша Қарасай ауданына келді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz  желілік басылымның тілшісі. 

Алдымен Астанадан келген меймандарды аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева, аудандық мәслихаттың хатшысы Айтбай Көшкімбаев, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Айтжанов  қарсы алды. Халық қалаулылары бірінші кезекте Әйтей ауылында салынған мектепке ат басын бұрып, нысанның жай-күйімен таныстты. Заманауи барлық талаптарға сай, қажетті техника және құралдармен жабдықталған  білім мекемесі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы  тұрғызылған.   1200 балаға арналған үш қабатты ауласымен қосқанда  11230  шаршы метр аумаққа алып жатқан ғимаратқа құрылыс жұмыстарын мердігер компания «U-Con-Two» ЖШС-і жүргізген. Әлі қолданысқа берілмеген мектепті депутаттар толығымен аралаған соң, ыңғайлылығына жақсы деген бағаларын беріп, кейбір тұстарына ескертулерін де айтты. Келесі кезекте халық қалаулыларының іс-сапары Шамалған ауылындағы балалар мен жасөспірімдердің шынығуына толықтай жағдай жасалған « Úshqońyr»  спорт мектебінде жалғасты.  Олар  жатығу кешенінің хауызын көруден бастап, балаларды жүзуге жаттықтырып, өз білгендерімен бөлісіп жүрген бапкерлермен сөйлесіп, оған ізгі тілектерін жеткізді. Сонымен қатар, нысанның  арнайы бөлмелеріне бөлінген үйірмелерін аралап, ондағы жас спортшылармен танысты.  Сапар соңында  Қарасай жері әрдайым өзге өңірлерде үлгі ретінде айтылатын ерекше аудан екендігін тілге тиек етіп, алда да өсіп-өркендей беруіне тілектестігін білдірді.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях