Жол ақысын тиімді төлеңіз (Видео)

Жол ақысын тиімді төлеңіз (Видео)

Бүгін Қаскелеңде күн тамаша, біз осы сәтті пайдалана келе, ауданымызда алғашқы болып ашылған «Kaskelen T» жолаушыларды тасымалдау таксопаркі жайлы айтып өтпекпіз.

Үйден шықпай-ақ көрсетілген мына телефон нөмірі бойынша қоңырау шалып тапсырыс бере аласыз. Алайда, бұл жолаушылар тасымалдау бекетінің ашылып жатқанына 6 айдан енді ассада, білгір басшылар жергілікті тұрғындарға мобильді бағдарламаны ойластырып қойған. Яғни, кез-келген жерде қолыңыздағы ұялы телефоныңызды алып, өте оңай тапсырысты бере аласыз. Ал, мінеки, тапсырыс келіп түсті, біз жолаушыны күттірмей тез барайық.

 Өздеріңіз көргендей бұл қызмет түрі ауданымыздың тұрғындарының қозғалысына өте жақсы жағдай жасауда. Қызмет ақысы қалта көтерерлік. Ал, бұл компания жайлы толығырақ құралтайшысынан сұхбат алып көрсек.

Жанымызда тұрған Алматы қаласында мұндай компаниялардың реті көп. Біздің ауданға да бұл таксопарктың ашылғаны ең алдымен қарасайлықтарға өте жақсы болды. Болашақта осы сынды бизнес ошақтарының қатары көбейіп, халыққа тиімді қызметтерді жасай беретініне мен сенімдімін.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях