Белсенді үкіметтік емес ұйымдар марапатталды

Белсенді үкіметтік емес ұйымдар марапатталды

Бүгін жыл қорытындысына сәйкес ауданымыздағы белсенді үкіметтік емес ұйым басшыларын аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиевтің  атынан Алғыс хатымен марапаттады.  Олар  қоғамдық бірлестік басшылары Татьяна Матвеева мен Бақытжан Мулинов.  Татьяна Владимирқызы «Зорлық-зомбылыққа – жол жоқ» әйелдер мен балаларды қолдау орталығын басқарса,  Бақытжан Изисұлы  «Аманат» Ауған соғыс ардагерлер одағына жетекшілік етеді. Иә, еліміздегі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда билік құрылымдарымен қатар осындай үкіметтік емес ұйымдардың да қосатын үлесі көп екенін тілге тиек еткен Айжан Нұрділдәқызы, олардың жыл бойы атқарған  жұмыстарын да атап айтты. Сонымен қатар, белсенді азаматтарды ауданның даму жолында қосқан елеулі еңбектерімен  құттықтап,  отбасыларына денсаулық, бақыт, береке-бірлік тіледі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях