Жастардың білімді болуына қатысты ойлар айтылды

Жастардың білімді болуына қатысты ойлар айтылды

Жас қарасайлықтар ардагерлермен пайымды пікір алмасып, мәдени іс-шарада бас қосты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Білімді жастар қатарының артуы болашаққа деген сенімділіктің белгісі. Өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен ой-санасының жақсы жағынан жетілуіне қоршаған ортаның да, баталы қариялардың да айтар ақылы да әсер ететіні сөзсіз. Міне, осы айтылғандар бүгінгі мәдени іс-шара барысында жан-жақты айтылды. Игі бастаманы Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығы мен «Jas Otan» жастар қанаты ұйымдастырып, «Тәуелсіздік тарлаңдары» жобасы аясында «Болашақ білімді жастардың қолында» тақырыбын әңгіме арқауына айналдырды.

Санитарлық талапқа сай өткен жиынға аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сағат Мәсімақынов, Қарасай аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ақылия Бекбайқызы, Қаскелең қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Несіпбала Әбділдаева және бірқатар аудан жастары қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Кездесуге арнайы шақырылған ата-апаларымыз жас қарасайлықтарға рухани азық болатындай ақыл-кеңестерін айтып, жастардың білімді болуының маңыздылығы жайлы жақсы жеткізді. Сонымен қатар, Қаскелең қаласының жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы Мөлдір Касенова талқыланған тақырыптың төңірегінде баяндама оқып, замандастарын білімді болуға шақырды.

Жиын барысында жастардың ерік-жігерін оятатын нақыл сөздер, ел дамуының жолында олардың үлесі зор екені жайлы әңгімелер айтылды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях