Донор болып өзгелерге өмір сыйла!

Донор  болып  өзгелерге  өмір сыйла!

Бүгін Қаскелең қаласында Қарасай ауданының мемлекеттік қызметшілер арасында дүниежүзілік донор күніне арналған «Донор бол – өмір сыйла!» атты акциясы өтті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.
«Қан тапсыру – мейірімділік»! Осы ұранды ұстана отырып, вакцинациялаудан өткен мемлекеттік қызметшілер қаламыздағы қан орталығына барып аталмыш іс-шараға атсалысты. Трансфузиолог Эльмира Байжанованың айтуынша, казіргі таңда теріс резус-факторының жетіспеушілігі көп кездеседі, дәлірек айтсақ, I және IV қан тобының донорларына мұқтажбыз. Сонымен қатар, дәрігердің мәлімдеуінше, жоғарыда атап өткен қан тобы бар адамдар арнайы шақырумен немесе өз еркімен жиі қан тапсырып тұрады екен. Осы орайда тұрғындарымыздың мейірімділігі мен жанашырлығы қуантады.
Жалпы, қан тапсыру өзінің және өзгенің денсаулығына пайдалы екені мәлім. Донор өз денсаулығын тексере отыра, өзге жанның өміріне жаңа мүмкіндік сыйлайды.Оның үстіне әрдайым медициналық қадағалауда болып, қымбат қан анализдерін тегін тапсыра алады. Осындай акцияға қатысам десеңіз, мына талаптармен танысқаныңыз жөн: қан тапсырардан бірнеше күн бұрын құрамында алкоголь және бояуы бар сусындарды ішуге, майлы және ащы тағамдарды жеуге тыйым салынады. Донация күні қан орталығы на жеке куәлігіңізбен барып, бірінші кезекте сауалнама толтырып, қан жарамдылығын тексертесіз. Дәрігерлер бас айналу мен әлсіздіктің алдын алу үшін қан тапсырар алдында міндетті түрде екі стақан тәтті шәй ішіп, печенье жеуге кеңес береді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях