Биылғы ҰБТ-ның ерекшелігі неде?

Биылғы ҰБТ-ның ерекшелігі неде?

Елімізде енгізіліп, өткізілген 13 жыл ішінде ҰБТ-ға 1,5 миллион бала қатысқан екен. Ал, биылдан бастап, мектеп түлектерінің тағдырын айқындап келген осы кешенді сынақтың тәртібі өзгергені мәлім.

Олай болса, енді ауданымыздағы 11-ші сыныптықтар неге дайын болулары керек? Қандай пәндерден емтиханды қалай тапсырмақ?

Аудандық білім бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, биылғы 2016-2017 оқу жылындағы ҰБТ екі кезеңге бөлінеді. Мектеп базасында өтетін бірінші кезеңде 5 пәннен мемлекеттік емтихан тапсырылады.

Ана тілінен (қазақ сыныптары үшін қазақ тілі, орыс сыныптары үшін орыс тілі) жазбаша түрде, эссе, алгебрадан бақылау жұмысын жазады, қазақстан тарихынан ауызша билетке жауап береді, екінші тіл пәнінен (қазақ сыныптары үшін орыс тілі, орыс сыныптары үшін қазақ тілі) және таңдау пәнінен тестілеуден өтеді. Ал, екінші кезең Қаскелең қаласындағы В.Г.Белинский атындағы орта мектептің базасында орналасқан тест орталығында болады. Мұнда түлектер оқу сауаттылығынан, математикалық сауаттылықтан, қазақстан тарихы мен екі таңдаулы пәннен, барлығы 5 пәннен тест тапсырады.

Ал, бұған дейін БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубеков мәлімдегендей, ЖОО-ға түсушілерге арналған сынақ 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді, тестілеуге қатысуға өтінім 10 наурыздан 10 мамырға дейін қабылданады екен. Сондай-ақ, шектік деңгейге балы жетпеген түлектер ҰБТ-ны тамызда немесе келесі жылдың қаңтарында қайта тапсыра алады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях