Жансая Әбдімәлік Австриядағы турнирде топ жарды

Жансая Әбдімәлік Австриядағы турнирде топ жарды

Шахматшы Жансая Әбдімәлік 17-24 тамыз аралығында Венада өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Кеше халықаралық «Vienna Open» турнирі аяқталды. «А» турниріне 398 шахматшы қатысты. Мен әйелдер арасындағы сайыста бірінші орынға ие болдым. Мен жинаған ұпай саны 2 мен 11-ні орын арасында ерлер жинаған ұпаймен тең болды, –  деп жазды спортшы Инстаграм парақшасында.

Сонымен қатар, отандасымыз қыздар арасындағы үздік нәтижесі үшін аты аңызға айналған Нана Александрияның қолынан арнайы сыйлық алды. Қолдау білдірген барлық жанкүйерлерге  Жансая Әбдімәлік алғысын білдрді. Еске сала кетсек, Қытайдың Хэншуе қаласында шахматттан өткен IMSA World Masters чемпионатында отандасымыз экс-чемпион Александра Костенюкті «алтынсыз» қалдырған болатын.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях