Ардагерлер ардақталды

Ардагерлер ардақталды

Ауданымызда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған акцияның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

 Сұрапыл соғыста қаза тауып, жан жарасы мен тән жарасын алғандар аз емес. Отан алдындағы борышын жат жерде өтеп, ерлік үлгісін көрсеткен азаматтар батырлық пен өршілдіктің жарқын бейнесі.

Биыл осы адамзат тарихындағы қасіретке толы қанды қырғын – екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанына 74 жыл толып отыр. Осыған орай, ауданымыздың барлық ауылдық округтерінде өтетін «Біз жеңімпаздар ұрпағымыз» атты акцияның ашылу салтанаты бүгін ауданымыздың орталық кітапханасында өтті. Оған Қаскелең қаласының әкімі, ауданымыздың ардақты ардагерлері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, ауданымызға қарасты бес колледждің студенттері мен белсенді жастары қатысты.

Шараны аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әмина Абдраманова ашып, бүгінгі бейбіт күн үшін, егемендік үшін майдангерлерге алғыс білдіре отырып, қазіргі таңда ауданымызда 12 ардагер ғана қалғанын айтып, жыл сайын қатарлары сиреп бара жатқан ержүрек майдангерлерге қашанда құрмет көрсету – бар­шамыздың парызымыз екенін айтып өтті. Сондай-ақ, жиында аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Сағат Мәсімақынов, қазақ тілі қоғамының төрайымы Шара Қанатқұлқызы, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Сәуле Бегалиқызы қан майданда толарсақтан саз кешіп, жанкешті қаһармандылығымен мен өздерінің ерлігін көрсете білген аталарымыз бен апаларымыз жайлы әңгімеледі.

Жиын соңында студенттер мен белсенді жастар ардагерлерге құрмет көрсетіп, қаламыздағы адагерлер, тыл еңбеккерлері, соғыс жесірлері мен жалғыз басты қарияларымыздың үйіне барып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Бір айта кетерлігі, дәл осындай  іс-шара ауданымызға қарасты барлық ауылдық округтерде де өткізіліп жатыр.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях