Әл-Фараби даңғылында 80 км/сағ жылдамдыққа рұқсат беретін белгілер орнатылуда  

Әл-Фараби даңғылында 80 км/сағ жылдамдыққа рұқсат беретін белгілер орнатылуда   

Алматының әл-Фараби даңғылында сағатына 80 шақырым  жылдамдықпен  жүруге рұқсат беретін белгілер пайда болды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Өзгерістер әл-Фараби даңғылының кейбір учаскелерінде байқалады. Жол қызметкерлері жылдамдықты шектеу белгілерін 80 км/сағ ауыстыруды жалғастыруда. Еске салайық, осы жылдың 15 қаңтарынан бастап қаладағы жол-көлік оқиғаларын азайту, сондай-ақ жолдағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында көлік жылдамдығы Шығыс айналма жолы, әл-Фараби даңғылы, Саин көшесінде  сағатына 80 шақырымнан, 60 шақырымға  төмендетілген болатын. Ол кезде шаһарға Бауыржан Байбек басшылық еткен еді. Кейін қаланың жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Instagram-парақшасына аталмыш жол учаскелерінде сағатына 80 шақырыммен жүруге қайта рұқсат беру туралы өтініштер түсе бастады. Нәтижесінде, яғни 19 тамыз күні әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолында сағатына 80 шақырыммен жүруге рұқсат берілді. Ал, Сайын көшесінде бұрынғыша шектеу жылдамдығы 60 км/сағ болып өзгеріссіз қалды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях