Еліміздің дара тұлғасына арнап

Еліміздің дара тұлғасына арнап

Қазақ елінің тарихында ерекше орын алатын ірі тұлғалардың бірі – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Жарты ғасырдан астам уақыт ел ағасы атанып, ширек ғасыр ел тізгінін ұстаған қазақ халқының асыл ұлын еске алу мақсатында, ауданымызда аламан бәйге ұйымдастырылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі. 

Кең байтақ қазақ жерінің заман көшіне ілесіп, түрлі өнеркәсіп орындарының ашылуы мен жаһандық өркениет белгісі – үлкен қалалардың салынуы, ғылым-білімнің жетілуі және басқа да толағай табыстарымыз сол Д. Қонаев есімімен тығыз байланысты. Халық жадынан мәңгі өшпейтін тарлан тұлғаның туған және қайтқан жылы ауданымызда жылда кең көлемде әлі де аталып өтеді. Биылда дәстүрлі түрде ауданымыздың «Khama Park» мейрамханасының аумағында орналасқан ипподромда қомақты жүлде тігілген аламан бәйге ұйымдастырылды.

Дүбірлі думанға қатысқан аудан әкімі Жандарбек Далабаев пен еліміздің танымал жазушы, ғалым, ақын атаулы, ел тізгінін ұстап жүрген азаматтары ел экономикасының дамуына, өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан біртуар тұлғаның еңбегін еске алып, өз естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, іс-шарада Қонаев атамыздың өмірі мен еңбектерін насихаттауға қосып жүрген үлкен үлестері үшін ҚР аумағында қызмет ететін Дінмұхаммед Қонаев атындағы қоғамдық қорының 22-ші тамыз 2019 жылғы шешіммен мемлекет және қоғам қайраткерлері белгілі жазушы Нұрлан Оразалин Оразалі Сәбден, Досмұрат Шағзадаев, Ахмет Баймахамбет пен Аманбек Бектай Қонаев медалімен марапатталды. Мұнан кейін жиналған жұрт еліміздің эстрада жұлдыздары мен ауданымыздың өнерпаздары ұйымдастырған концертті және республикамыздың жан-жағынан келген атшабандоздары қатысқан аламан бәйгені тамашалады.

Одан кейін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерін еске алу кешіне жиналғандар «Khama Park» мейрамханасында жайылған дастарханнан дәм татты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях