«Ushkonyr» спорт кешеніне апаратын жол жөнделеді

0
1582

Биыл ауданымызға қарасты Шамалған ауылдық округінде орналасқан «Ushkonyr» спорт кешеніне апаратын жолға асфальт төселеді, –деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Жақында өткен аудан әкімінің есептік кездесуінде тұрғындар тарапынан округте орналасқан «Ushkonyr» спорт кешеніне апаратын жолдын қолайсыздығы жайлы бірқатар шағымдар айтылған еді. Шамалғандықтардың өтініштері бойынша биыл спорт кешенге апаратын жолға толығымен асфальт төселетін болады.

Сонымен қатар, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Ақсай көшесі жөнделеді. Шамалған ауылында орналасқан көшенің жобалық-сметалық құжаттамасы дайын, құрылыс жұмыстарын жүргізетін компаниялардың арасында конкурс та ойнатылып қойған.

Бүгінде тендерді жеңген компаниямен келісім-шарт жасалуда.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь