Әйтейліктердің өтініш-тілектері тыңдалды

Әйтейліктердің өтініш-тілектері тыңдалды

Аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың кезекті тұрғындар алдындағы есептік жиыны бүгін Әйтей ауылдық округінде өтіп, онда аталмыш округтің жұртшылығын мазалаған бірқатар мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі. 

Б.Қосынов атындағы орта мектепте өткен есептік кездесуге аудан әкімінің орынбасары, аудандық бірқатар бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері мен аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Жиында аудан басшысы алдымен осы округте жүзеге асатын бірқатар істер жайында айтып өтті. Атап айтқанда Жандарбек Ермекұлы былтырғы жылдан бері әйтеліктерді мазалаған мектеп мәселесі шешіліп, осы жылдың наурыз айында соңғы технологиялармен жабдықталған 1200 орындық оқу орынның қолданысқа берілетіндігін, сондай-ақ, Үштерек ауылында 600 орындық орта мектебінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, келер жылы оның да онды шешімі табылатындығын жеткізді. Сонымен қатар, тұрғындарды біраз жылдар бойы мазалаған су мәселесі биыл жоспарға сәйкес шешілетіндігін және де округтегі «Өмірұзақ» тұрғын кешенінде 2 қабатты 520 пәтерлі 130 «таунхаус» үйлері тұрғызылатындығын да айтып өтті.

Бұдан бөлек бүгінгі жиында округ тұрғындары тарапынан амбулатория ғимаратының ескіргендігі, қаңғыбас иттердің көбейіп бара жатқандығы, көшелерде тас жол мен жарықтын, қоғамдық көліктін, балаларға арналған ойын мен спорт алаңы және де саябақтың жоқтығы сияқты бірқатар көтеріліп, ортаға салынды. Жоғарыда аталған амбулатория мәселесі бойынша аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Зарыққан Сатыбалдинова жауап беріп, келесі жылы ауданымызда 7 дәрігерлік амбулатория салынбақ екенін және де сол тізімде Әйтей ауылы да кіретіндігін айтты. Ал, аудан әкімі жол мен қаңғыбас иттердің жағдайы бақылауға алынып, жоспар бойынша шешілетіндігін жеткізді. Қалған мәселелерді болса қарастырып, оның шешімін табуды өзінің орынбасары мен тиісті бөлім басшыларына тапсырды.

Мұнан бөлек Жандарбек Ермекұлы жиында осы округтің аумағында орналасқан қоқыс полигонына қатысты сұраққа да жауап берді. Әйтейліктерге қолайсыздық әкелген мәселе бойынша бүгінде полигонның иесімен сөйлесіп, ауыл тұрғындарының құқығын қорғау үшін келіссөздер жүргізіліп жатқанын да айтты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях