Көп балалы аналарға арналған жәрдемақыны рәсімдеу жолдары

Көп балалы аналарға арналған жәрдемақыны рәсімдеу жолдары

Аталмыш жәрдемақы тек ХҚО арқылы рәсімделеді.

Оны алудың жолы:

  1. Тұрғылықты мекенжайға қарасты ХҚО-ға кезекті алдын ала брондау керек;
  2. Тағайындалған уақыттан ХҚО-ға 20 минутқа ерте келу қажет;
  3. Операторға төмендегі құжаттарды өткізу арқылы жәрдемақыға өтініш жасау керек

Рәсімдеу кезінде мынадай құжаттар болу керек:

  1. Жеке куәлік;
  2. Балалардың құжаттары;
  3. Банктік есепшот жөніндегі анықтама.

Ескерту, 18 жасқа толған балалары бар отбасыларға жәрдемақы, бала жоғарғы оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып жатса және ол 23 жасқа толғанша оқуынан анықтама өткізсе ғана төленеді.

Төлем мөлшері:

4 бала үшін – 16,03 АЕК (44 531 тг);

5 бала үшін – 20,04 АЕК (55 671 тг);

6 бала үшін – 24,05 АЕК (66 810 тг);

7 немесе одан да көп бала үшін – 28,06 АЕК (77 950 тг).

Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есепке алмағанда, 8 жұмыс күні.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях