Кішкентай кадеттер полицейлерге челлендж арнады

Кішкентай кадеттер полицейлерге челлендж арнады

Алматы облысында оқушылар карантин жағдайында ерекше онлайн флешмоб ұйымдастырған. Олар тәртіп сақшыларының формасында өздерінің жол сілтеушілеріне алғыстарын білдірді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. ҚазАқпарат тілшісі.

Челендждің басты мақсаты – қиын шақта қызметін атқарып жүрген полицейлерге қолдау көрсету, сондай-ақ, азаматтардың рухы мен патриоттық сезімін арттыру. Бейнежазбадағы балалар қарапайым сынып оқушылары емес, құқық қорғау бағытындағы кадет сыныбының тәрбиеленушілері.
Балалар әлемдік індетке айналған инфекциясен күресте алдыңғы шепте қызмет етіп, ел игілігі үшін тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген полицейлерге шексіз ризашылықтарын жеткізген. Өз кезегінде, Алматы облысы Полиция департаментінің жеке құрамы өскелең ұрпақтың ыстық ықыласын қабылдап, алғыстарын айтты. Тәртіп сақшылары аталған ролик жылылық сыйлайтынын және одан әрі де ел үшін еңбек етуге күш-жігер беретінін жеткізді.
Эстафетаны Талдықорған қаласының 6-кадет сыныбы бастап, өздерінің құрбыластарына жолдады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях