Қызылордада коронавирус жұқтырды деген қауіппен ер адам оқшауландырылды

Қызылордада коронавирус жұқтырды деген қауіппен ер адам оқшауландырылды

Қызылорда қаласында 28 қаңтар күні сағат 20:02-де 1960 жылғы Евгений Ли есімді азамат коронавирусқа күдікті деген диагнозымен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz  желілік басылымы Хабар24 сайтына сілтеме жасап.

Қызылордалық азамат  ағымдағы жылдың  11-18 қаңтар аралығында Қытайдың Хайнань аралының Санья қаласында медициналық туризммен «Феникс» қонақ үйінде инемен емдеу курсын қабылдаған. 18 қаңтар күні Алматы қаласына ұшып келіп, 20 қаңтарда пойызбен Қызылордаға барған.

Евгений аурудың басталуын салқын тиюмен байланыстырады. Науқастың ауырғанына екі  күн болған. Дене қызуы көтеріліп, басы ауырып, әлсіздік байқалған соң,  үй жағдайында тұмауға қарсы дәрілік препараттар қабылдап, екпе алған. 28 қаңтарда шағымдарына байланысты жедел жәрдем шақырып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. дәл сол күні сағат 20:10-да дәрігерлер кеңесі құрылды. Науқастың шағымдары, клиникалық белгілеріне, эпидемиологиялық анамнезі және лабораториялық көрсеткіштеріне  сүйене отырып, дәрігерлер кеңесінің шешіміне сәйкес  науқасқа  вирустық инфекция – «Коронавирус» диагнозы қойылды.

Евгений ауруханадағы арнайы  бөлмеге жатқызылып, оқшауландырылды.  Онда індетке қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Науқастан вирусологиялық сынамалар алынып, ем тағайындалды.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях