Аудандағы ұн шығаратын кәсіпорындар жабылуы мүмкін

0
1590

Ауданымызда орналасқан ұн өндіруші «АзияАгроФуд» АҚ мен «Үшқоңыр» ұн дирмені шикізаттың тапшылығана байланысты жұмыстарын уақытша тоқтатуға мәжбүр, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Жібек жолы округіне қарасты «АзияАгроФуд» АҚ-ның мәлімдеуінше, бүгінде кәсіпорынның қоймасында тек 6-7 күнге жететін қор бар. Ал, Алматы облысының тапсырысы бойынша «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-нан бөліген әлеуметтік шикізат тек бір күндік жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Басқа жерден қымбат бағаға астық алып, ұн дайындайтын болса, онда кәсіпорынмен жұмыс жасайтын наубайханалардан шығатын нанның бағасы 250 теңгеге дейін көтеріліп кетуі мүмкін. Сондықтан жақын арада арзан бағада шикізат табылмаса олар өндірісті тоқтатып, жабылады.

Шамалған ауылдық округінің аумағында орналасқан «Үшқоңыр» ұн дирменің де жағдай мәз емес. Кәсіпорын басшылығының айтуынша, бүгінде өндіріс орны бұрынғыдай жұмыс жасап жатыр, ал қоймаларында біраз уақытқа жететіндей 20 вагон, шамамен 10 мың тоннадай ұн бар. Алайда, шикізаттың бағасы күннен күнге қымбаттатуда әрі бидай тапшылығы пайда болды. Осы ретте оларда өз өндірістерін уақытша тоқтатуы мүмкін.

Міне, бүгінде екі кәсіпорынның жағдайы осындай. Иә әрине, Алматы облысының аумағында басқа да ұн өндірушілер жеткілікті. Алайда, шикізат тапшылығы әрі қарайда осылай жалғасатын болса, алдағы уақытта ұннан жасалатын өнімдердін бағасы шарыптап кететіні айдан анық. Бұған қоса ұн тапшылығы да пайда болуы әбден мүмкін.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь