Талдықорғанда 100 баспана пайдалануға берілді

Талдықорғанда 100 баспана пайдалануға берілді

Таяуда облыс орталығы Талдықорғанда қала күніне орай, облыс әкімі Амандық Баталов көп балалы аналарға, ауған соғысының ардагерлері мен кезекте тұрған бірқатар азаматтар пәтер кілттерін табыстады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жоғарыда аталып өткен санаттағы адамдарға берілген 100 үй құрылысы біраз жыл бұрын басталған «Береке» шағын ауданынан берілді. Кілті табысталған үйдің барлығы екі қабаттан тұратын жер үйлер. Баспананың кілтін салтанатты түрде облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы ұшқыш-космонавт, генерал-майор Айдын Айымбетов пен және басқа да белгілі азаматтар бірге салтанатты түрде табыстады. Сондай-ақ, тұрғындарды баспанамен қамтуға «Сарқан Май», «Адал», «Казфудпродакс», «Жаркент Арасан», «Табыс даму», «Нұр-Шапағат», «Ақсу қант», «Вершки» ЖШС-ларының, «Ернар» шаруа қожалығының, «Жаркент Крахмал» зауыты сияқты кәсіпорындардың басшылары да өз үлестерін қосты.

Тағы айта кетері аталмыш «коттеджді қалашықта» бекітілген жобаға сәйкес жалпы алаңы 56,4 мың шаршы метр болатын 606 жеке тұрғын үй (коттедждер) салу жоспарланған болатын. Бүгінде мұнда бес құрылыс компания алаңы 13,9 мың шаршы метрлік екі қабатты 155 жеке үйдің құрылысын жүргізуде. Сонымен қатар, көп балалы отбасылар үшін «Le Pes» ЖШС жалпы ауданы 10,2 мың шаршы метрлік 125 пәтерлі 2 үй салуда. «7-20-25» бағдарламасы арқылы 8-ші және 9-шы шағын аудандарда аумағы 23,8 мың шаршы метр болатын 5 үйдің құрылысын биыл бастап, келер жылы аяқтау көзделген.

Мұнан бөлек биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында Талдықорғанда 100,4 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях